Жаңалықтар «ЭКО-Астана НР» ЖШС

Жалпы экологиялық пайданы талдау (ЖЭПТ) негізінде мұнайдың төгілуіне қарсы әрекет етудің оңтайлы әдістерін анықтау

2024 жылдың қазан айында «ЭКО-Астана НР» ЖШС ««Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» ЖАҚ жалпы экологиялық пайданы талдау (ЖЭПТ) негізінде мұнайдың ықтимал төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін анықтау туралы есеп» әзірлеу аяқталды. Бұл есеп ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары» талаптарына сәйкес әзірленді. ЖЭПТ дайындау кезінде ҚР НҚА де, халықаралық теңіз ұйымы мен мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастығы әзірлеген құжаттар да қолданылды.
Жалпы экологиялық пайданы талдау – адам денсаулығы мен қоршаған ортаны барынша қорғау үшін мұнайдың төгілуіне қарсы әрекет етудің оңтайлы әдістерін таңдау тәсілі. Мүмкін болатын мұнай төгілулерінің кең ауқымы мен масштабы, экологиялық сезімтал аймақтар мен табиғи жағдайларға байланысты барлық жағдайларда сөзсіз қолайлы болатын бірде-бір ЖЭПТ құралы мен әдістемесі жоқ. Сондықтан, су объектілеріне әлеуетті әсер ететін әрбір өндіріс үшін оның пайдалану сипаттамаларын ескере отырып, ЖЭПТ жүргізу қажет.