Жоғарғы-Басқан су электр станциялары-2, 3 Басқан өзенінің бойында Жетісу ауданы, Екіаша ауылының маңындағы көрікті жерде орналасқан. Станциялар өзеннің жоғарғы бөлігіндегі үш су электр станциясының каскадты кешенінің екінші және үшінші сатысы болып табылады. Жалпы орнатылған қуат 14,9 МВт.