2025 жылғы 25 шілдеде Астана қаласында "Мұнай-газ секторында метан шығарындыларын басқарудың кешенді тәсілі: мониторингтен метан шығарындыларын тиімді қысқартуға дейін" атты практикалық семинар өтті
2025-08-25 10:28
Іс-шараны ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) ұйымдастырып, мұнай-газ саласының ірі операторларының, салалық қауымдастықтардың, халықаралық сарапшылар мен талдау агенттіктерінің өкілдерін біріктірді. Іс-шараның ұйымдастырушылық және техникалық дайындығын үйлестіруді тұжырымдама мен бағдарламаны әзірлеуді, ақпараттық материалдар мен алаңды бірыңғай стильде ресімдеуді, техникалық тексерулерді ұйымдастыруды, барлық сессияларды сүйемелдеуді және қорытынды іс-шараларды орындауды өзіне ала отырып, "Эко-Астана НР" ЖШС қамтамасыз етті.
Семинарды өткізудің өзектілігі Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерімен тікелей байланысты. 2023 жылы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СОР 28) тараптарының 28-ші конференциясында ел 2030 жылға қарай метан шығарындыларын кем дегенде 30% азайту мақсатымен Жаһандық Метан Міндеттемесіне (Global Methane Pledge) қосылды. Семинар тәжірибе алмасу, заманауи реттеуші трендтерді талқылау және метан шығарындыларын басқарудағы ұлттық және корпоративтік жетістіктерді көрсету үшін маңызды салалық алаңға айналды.